Мемлекет басшысына алдағы сот реформасының негізгі бағыттары, әкімшілік әділет механизмін енгізуге дайындық жұмыстары, сондай-ақ, сот өндірісінде қолданылатын ІТ әзірлемелер жайында баяндалды, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев әрбір сот заң үстемдігін қамтамасыз етудегі өзінің рөлін терең түсінуі керек екеніне баса мән берді. Мемлекет басшысының пікірінше, бұл азаматтардың құқығы мен еркіндігін қорғау, қолайлы инвестициялық климат қалыптастыру, кәсіпкерлікті және тұтас экономиканы дамыту бойынша маңызды міндет.
Қазақстан Президенті соттардың кәсібилігі мен адалдығы ең басты құндылық болуы керек екенін атап өтті. Себебі алдағы уақытта іске асатын реформаның табысты болуы осыған тікелей байланысты.