#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

«Nur Otan» — ел ертеңіне бейжай қарай алмайтын партия

«Nur Otan» партиясы – халықтық партия.


«Nur Otan» партиясы – халықтық партия. Ел ертеңіне бейжай қарай алмайтын партия. Аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Берік Тұрғанбаев партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдау, туған елімізбен бірге партиялар арасында көшбасшы болып, еліміздің өркендеп дамуына үлес қосып келе жатқан “Nur Otan” партиясына дауыс беруге шақыру мақсатында 2020 жылдың 21 желтоқсан күні Абай елді мекенінде еңбегінің зейнетін көріп отырған ауыл ақсақалдарымен «Есіктен есікке» акциясы аясында Созақ ауданы ‘Nur Otan’ партиясының сайлауалды бағдарламасында көрсетілген басты басымдық бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында кездесу өткізді.

«Елдің әлеуметтік жағдайы күннен-күнге жақсарып жатыр. Болашаққа күдікпен емес, үлкен үмітпен қарауымыз да бүгінгі сарабдал саясаттың жемісі» деген Абай елді мекенінің тұрғыны, ауыл қариясы Тұрғанбаев Пердеш, еңбек ардагері Сейсенбеков Керімбек, зейнеткер Төребеков Қабылбек пен Ибраева Дәрікүл, елді мекеннің ардагерлер кеңесінің төрағасы Шалмағабетов Мүсірәлі сынды ауыл қариялары алдағы сайлауға сәттілік тіледі.

Үміткер алдағы 2021 жылдың 10 қаңтар күні өткізілетін сайлауға түгел қатысуға шақырды. «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНА ДАУЫС БЕРІҢІЗ!
Біз Сізбен бірге жақсы нәтижелерге қол жеткізетінімізге сенеміз!» деген тілек білдірді.

Соңғы жаңалықтар