«Nur Otan» партиясынан Созақ аудандық мәслихатына кандидаттар Р.Әлжанов пен Б.Қордашбеков «Ақ Жол» ЖШС ұжымымен кездесу өткізді. Үміткерлер жерлестерді 2021 жылдың 10-қаңтарына белгіленген ҚР Парламенті Мәжілісі пен жергілікті мәслихаттар сайлауына белсенді қатысып, онда еліміздегі жетекші партия — «Nur Otan»-ға дауыс беруге шақырды. Республика, Түркістан облысы, Созақ ауданының алдағы сайлау кезеңі — 5 жылға арналған сайлауалды бағдарламалармен таныстырды, үгіт-насихат материалдарын табыс етті. Өз кезегінде серіктестік қызметкерлері елімізде жүргізіліп жатқан істерді көздерімен көріп отырғандығын, алдағы сайлауда дұрыс таңдау жасайтындықтарына сендірді.