#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Жетісай ауданы «Nur Otan» партиясы 45 мыңға жуық азаматқа ахуалды жақсарту бойынша көмек көрсеткен


Еліміздің жетекші партиясы ретінде жүйелі істердің басында жүрген Жетісай ауданы «Nur Otan» партиясы аудан тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту бойынша 45 мыңға жуық азаматтарға көмек қолын созған.

Атап айтар болсақ, пандемия кезінде кірісін уақытша жоғалтқан және аз қамтамасыз етілген 1650 отбасына «Біз біргеміз» акциясы аясында 50 мың теңгеден қаржылай көмек қолын созса. «Мектепке жол» акциясы аясында 200 отбасындағы мыңға жуық балдарға киім-кешектер әперген. Бес жүз отбасына тегін-дәрімек қобдишалары таратылса, 1856 отбасыға 30 мыңнан астам тегін медициналық бетперделер үлестірген. Одан бөлек, жалпы құны 35 миллион теңге болатын азық-түліктерді 10 мың отбасыға таратып берген. Сонымен қатар «Шапағат Нұры» ЖШС арқылы жас ерекшеліктеріне қарай 1-6 жас аралыңындағы балдарға арналған гигиеналық құралдардың берілуіне ықпал жасаған. Табысынан айрылған кәсіпкерлерге коммуналдық мекемелерге төлемдерін уақытша тоқтата тұруына жағдай жасаған. Алдағы уақытта да Жетісай ауданы «Nur Otan» партиясы ел мүддесі үшін тоқтаусыз жұмыс жасайтын болады.

Жетісай ауданы «Nur Otan» партиясы филиалының сайлау қорынан қаражаты төленген

Соңғы жаңалықтар