Бұл күндері Ақтауда өтіп жатқан дзюдошылардың ел чемпионатында ерлер арасындағы 100 келі салмақ дәрежесінде Ислам Бозбаев белдесті, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап.
Бұл жолы Бозбаев 100 келі салмақта өнер көрсетуді құп көрді. Аяқ алысы жақсы болды. Барлық қарсыласын сыпыра ұтқан Ислам Қазақстан чемпионы атанды.
Ел чемпионатының күміс жүлдесін Қызылорданың өкілі Айбек Серікбаев жеңіп алса, павлодарлық Серік Сәлменов пен атырулық Арман Қалиев қолаға қол созды.