«Nur Otan» партиясы Жетісай аудандық сайлауалды штабының бекіткен жүйелік кестесіне сәйкес бүгін денсаулық сақтау және білім беру салаларының қызметкерлерімен және ауыл азаматтарымен біргелесіп 50 ден астам кездесу өткізіп, 500 жерге «Nur Otan» партиясы саулауды бағдарламалары жазылған парақшалар ілініп, 30 ауылда үгіт-насихат жұмыстарын жүргізген.
Елді мекендерді аралау барысында ауыл азаматтары жол, су, газ, мәселелерін көтеріп, жасалып жатқан игі істерге ризашылықтарын білдірді. Жол саласы демекші биылдың өзінде
Жетісай ауданы бойынша 140 шақырым жол жөндеуден өткен.
Толықтырып айтатын болсақ, Жетісай ауданы бойынша жалпы 277 көшеге жол жөндеу жұмыстары жүргізілген. Оның ішінде 218 көше ағымдағы (тас төсеу ) 59 көше орта жөндеуден өткізілген. Одан бөлек үлкен жолдардың бойындағы елді мекендерге ұзындығы 4,3 шақырымды құрайтын аяқ жолдар салынған.
Ал, «Нұрлы Жер» бағдарламасы аясында ауданда 80 гектар аумаққа 60 пәтерлі 5 қабатты 6 үйдің құрлыс жұмыстары жүргізіліп жатса. Ал, «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында
№35 «Қараөзек» №38 С.Асанов атындағы жалпы орта мектептері жалпы құны 543,7 миллион теңгеге күрделі жөндеуден өткен болса, «Нұрлы Жер» тұрғын үй бағдарламасы аясында 7 мектептің құрлыс жұмыстары жүргізілген.
Одан бөлек, кандидаттар білім , денсаулық салаларында атқарылып жатқан жұмыстар мен көрсетіліп жатқан қамқорлықтарды да назарларынан тыс қалдырмады. Әр кездесу кезінде үміткерлер қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, ұсыныс-тілектерін тыңдады. Кездесу соңында елдің тұрмысы түзелу жолында, игі бастамаларды жүзеге асырып жатқан «Nur Otan» партиясына қолдау білдіруге шақырды.
«Nur Otan» партиясы Жетісай аудандық филиалының Сайлау қорынан төленді