Шідерті кентінде үй өртеніп, 2 адам қаза тапты, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін түнгі сағат 03:30-да Екібастұз қаласына қарасты ауылдық округте өрт шыққаны туралы хабар түскен. Шідерті кентіндегі Алтынсарин көшесінде екі қабатты үй өртенген.
«Өртті сөндіру барысында екі мәйіт табылды: 55 жастағы пәтер иесі мен оның 32 жастағы көршісі», — делінген хабарламада.
Сонымен қатар, құтқарушылар оқиға болған жерден сыйымдылығы 27 литр газ боланын шығарды.
Өрттің жалпы ауданы 45 шаршы метр.
«Өрт толығымен таңғы 05.10-да өшірілді. Мамандар оның неден шыққанын, шығынның мөлшерін анықтап жатыр. Оқиға болған жерде ТЖД жеке құрамының 5 маманы мен 2 техника жұмыс істеді», — делінген хабарламада.