Алматы облысының полицейлері бірнеше ұрлыққа қатысы бар қылмыстық топты ұстады, — деп хабарлайды ADYM.KZ Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.
Дереккөз мәліметінше, қазан және қараша айларында 12 ұрлық дерегі тіркелген. Оның алты дерегі Талдықорған қаласында, бесеуі Сарқан және біреуі Көксу аудандарында тіркелген.
Полиция мәліметінше, тергеу барысында қылмыстық топ өкілдерінен олар қолды қылған тұрмыстық техника, қымбат киімдер, бағалы заттар мен өзге де ұрланған мүліктер тәркіленген.
«Ұрланған заттардың бір бөлігі тергеу әрекеттері кезінде сатып алушылардан алынған. Тергеу барысында ұсталғандардың үшеуінің бұған дейін де біреудің мүлкін ұрлағаны және алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды.
Қазіргі уақытта төрт күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, біреуі мекенжайын өзгертпеу туралы міндеттемемен босатылған», — делінген хабарламада.