Маңғыстау облысының 25 жастағы тұрғыны полиция көлігіне оқ атқан, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқыс оқиға Атырау облысы Жылыой ауданы Майкөмген ауылының маңында түнгі сағат бір шамасында болған. Өңірдегі полиция қызметкерлері күдіктілерді «Нива» көлігімен қуған. Осы сәтте олар тәртіп сақшыларына бірінші болып, оқ атқан.
«Ер адам ұсталды. Ол — Маңғыстау облысы Боранқұл ауылының 25 жастағы тұрғыны. Одан 16 калибрлі тіркелмеген «ИЖ» аңшылық қаруы тәркіленді», — дейді Атырау облысы полиция департаментінің басшысы Қамза Үмбетқалиев.
Қазіргі таңда күдікті уақытша тергеу изоляторына қамалған.
Облыстық полиция департаменті қаруды өте сирек қолданатынын, бұл факт жыл басталғалы бері өңірде қару қолданылған алғашқы дерек екенін атап өтті.