#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Ақтөбе облысында жол апатынан жолаушы көз жұмды

Toyota Previa автокөлігінің 55 жастағы жүргізушісі LADA Largus көлігімен соқтығысты.

27 қарашада «Ақтөбе-Орск» республикалық маңызы бар тас жолының Қосестек ауылының тұсындағы учаскеде жол апаты болды, салдарынан соқтығысқан көліктердің біреуінің жолаушысы оқиға болған жерде көз жұмды, — деп хабарлайды ADYM.KZ  Polisia.kz. сайтына сілтеме жасап.

Toyota Previa автокөлігінің 55 жастағы жүргізушісі LADA Largus көлігімен соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан LADA жүргізушісі, сондай-ақ 42 және 57 жастағы екі әйел Қарғалы ауданының орталық ауруханасына жатқызылды. Ал 54 жастағы тағы бір жолаушы апат орнында көз жұмды.

Аталған факт бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар