Шымкент қаласындағы №125 жалпы орта білім беру мектебінде мұғалімдерден келіп түскен шағымдар бойынша тексеру жұмыстары жүргізілді. Жоспардан тыс тексеру барысында өтініште көрсетілген фактілер ішінара расталды, — деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап.
Тексеру барысында мектеп әкімшілігі тарапынан «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заң талаптары бұзылғаны анықталды. Сондай-ақ мектеп мұғалімдері кәсіби міндеттеріне жатпайтын жұмыс түрлеріне тартылған. Мәселен, 2019-2020 оқу жылының соңында Шымкент қаласындағы №125 мектеп мұғалімдері мектепте жөндеу жұмыстарын жүргізіп, міндетті тізбеде жоқ құжаттарды толтырған. Одан бөлек, мектеп әкімшілігі ұстаздарды газеттер мен журналдарға жазылуға мәжбүрлеген.