#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Кентау қаласындағы коммуналдық салаға қатысты өзекті мәселелер қаралды

Алдағы уақытта "Nur Otan" партиясы Кентау қалалық филиялының бастамасымен қаладағы күрделенген мәселелерді шешіп, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында әлеуметтік желіде тұрғындардың сауалдарына жауап беру үшін жауапты мамандардың қатысуымен онлайн жиындар өткізу жоспарланып отыр.

Бүгін Түркістан облысы Кентау қаласы «Nur Otan» партиясы Кентау қалалық филиялында №5 Жылу орталығы, Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, Тұрғын үй инспекциясы бөлімдерінің басшылары мен жауапты мамандарының қатысуымен жиын өтті. Басқосуда сала мамандары БАҚ өкілдері тарапынан қойылған сұрақтарға онлайн режимде жауап берді.

Жиын барысында қаладағы өзекті мәселелерге қатысты атқарылып жатқан жұмыстар кеңінен сөз болды. Яғни, Кентау қаласының қысқы маусымға дайындық жұмыстары пысықталды. Сондай-ақ, жаңадан салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйлер мен қаладағы жолдардың жөндеу жұмыстары сапалы атқарылып жатқаны айтылды.

Айта кетейік, алдағы уақытта «Nur Otan» партиясы Кентау қалалық филиялының бастамасымен қаладағы күрделенген мәселелерді шешіп, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында әлеуметтік желіде тұрғындардың сауалдарына жауап беру үшін жауапты мамандардың қатысуымен онлайн жиындар өткізу жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар