Қызылорда облысының түзеу мекемелерінің бірінде жазасын өтеп жатқан Түркістан облысы тұрғынының діни алауыздыққа бағытталған уағыздар таратумен айналысып жүргені анықталды, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабының 1-бөлігімен (Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, сараптама тағайындалды.
Сараптама қорытындысына сәйкес діни уағыздардан терроризмді насихаттау белгілері анықталды. Күдіктіге қатысты 2020 жылғы 16 қарашада Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 256-бабының 1-бөлігімен (Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.