#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түркістанда депутаттар корпусы 70 пайызға жаңарады

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының кезектен тыс XL конференциясында мәслихаттағы депутаттар корпусы 70 пайызға жаңаратыны айтылды.

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының кезектен тыс XL конференциясында мәслихаттағы депутаттар корпусы 70 пайызға жаңаратыны айтылды. Конференцияда облыс әкімі, партияның облыстық филиал төрағасы Өмірзақ Шөкеев биылғы праймериздің саяси сананы жаңғыртудағы маңызды қадам болғанын атап өтті, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz сайтына сілтеме жасап.

– Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен елімізде алғаш рет жаңа форматта өткізілген праймериздің қорытындысы бойынша партиямыз тегеурінді тұлғалармен толықты. Сіздер депутаттыққа үміткер ретінде саяси додаға қатысқалы отырсыздар. Қалың елдің, партияластардың қолдауымен осындай мүмкіндікке ие болдыңыздар. Сондықтан сенімді ақтауға міндеттісіздер, – деді Өмірзақ Естайұлы.

Жетінші шақырылымда облыс, аудан, қала бойынша 320 мандат беріледі деп күтілуде. Оның 275-і аудандық және қалалық мәслихатқа жіберілсе, 45 депутат облыстық мәслихатқа сайланбақ. Жиында облыстық мәслихат депутаттығына ұсынылған үміткерлер тізімін Nur Otan партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсенбай Тәжібаев таныстырды. Партия 45 орынға ұсынған 84 кандидаттың тізімі бірауыздан бекітілді. Бұған дейін облыстық мәслихаттағы 45 мандаттың небәрі біреуі ғана әйел депутатқа тиесілі болса, енді олардың саны 30 пайызға дейін артады. Ал қазіргі шақырылымда 35 жасқа дейін бірде-бір депутат жоқ болса, енді ол 20 пайызға артпақ. Оған қоса алдыңғы шақырылымдағы 45 депутаттың 24-і бұл саяси додадан қалыс қалып отыр. Мәслихаттың 50 пайызы әйелдер мен жастар арқылы жаңарып, қалған тобы праймеримз қорытындысы бойынша үздік атанғандармен толығады. Яғни, облыстық мәслихат кемінде 70 пайызға жаңарады.

Конференцияда партияның Түркістан облысы бойынша сайлауалды бағдарламасы делегаттардың қолдауымен бекітілді. Туристік және рухани орталық, агроөнеркәсіп кешені мен өнеркәсібі дамыған жоғары транзиттік аймақ болғандықтан сайлауалды бағдарламада тарихи қалада қызметтік сервис сапасын арттыру, туризм нысандарын дамыту үшін инфрақұрылымды жетілдіруге ерекше мән берілген.  Бағдарлама ашық көздерде жарияланып, праймериз кезінде бір жарым ай бойы кең көлемде талқыланды. Осы уақытта аймақ тұрғындарынан 564 аманат пен ұсыныс түсіпті. Оның ішінде 99,6%-ы (562) сайлауалды бағдарлама жобасына қатысты ұсыныстар. Олардың 77%-ы (430) партияның аумақтық филиалдарының сайлауалды бағдарламалары жобаларында қарастырылған. 8% (46) ұсыныс жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар мен қызмет көрсететін кәсіпорындар арқылы жедел шешілген. Қалған 15% (86) ұсыныс партияның аумақтық филиалдарының сайлауалды бағдарламаларының жобаларына 7 бағыт бойынша қосымша енгізілді.

Конференцияда сайлау алдындағы штаб басшысы мен екі орынбасарының кандидатурасы ұсынылды. Штаб басшысы болып Б.Тәжібаев сайланды. Сонымен бірге  Nur Otan партиясының кезектен тыс ХX съезіне қатысатын 30 делегат сайланып, тізімі бекітілді.

Соңғы жаңалықтар