#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Сәтбаевта қаңғыбас иттер 6 жасар қызды талап тастады

Сәтбаев қаласында (Қарағанды облысы) қаңғыбас иттер алты жасар қызды талап тастады.

Сәтбаев қаласында (Қарағанды облысы) қаңғыбас иттер алты жасар қызды талап тастады, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Қайғылы жағдай 15 қараша кешке саяжайдағы көшелердің бірінде болған.

Қаңғыбас иттер қызды жабылып қапқан. Ата-анасы қыздың дауысын естіп көшеге атып шығады. Жедел жәрдем қызметкерлері тез жеткен. Алайда қыз қайтыс болған.

«Бүгін сағат 17.00-де Полицияның кезекші бөліміне жедел жәрдем дәрігерлерінен хабарлама түсті. Олар алты жасар қызды иттер талап, қайтыс болғанын айтты. Ол жерге жедел-тергеу тобы шықты. Қыз неге қараусыз жүрген, соның салдарынан иттердің арасында қалғаны анықталып жатыр», — деді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметіндегілер.

Қыздың өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды. Қажет сараптамалар жасалады.

Қала әкімдігіндегілер саяжайға иттерді ұстау қызметі шығып кеткенін мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар