Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс пен мәслихат сайлауына қатысатын партиялардың тізімін жариялады, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
«Әділет министрлігі саяси партияларға қатысты тіркеуші орган қызметін атқарады. (…) 2020 жылдың қарашасындағы жағдай бойынша, алты саяси партия тіркелді.
Nur Otan партиясы, «Ақ жол», Қазақстанның Коммунистік халық партиясы, «Ауыл», «Бірлік» және Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы. Аталған партияларды қайта ұйымдастыру, тарату туралы мәліметтер жоқ. Барлық партияның құрылымдық бөлімшелері бар», — деді әділет вице-министрі Наталья Пан Орталық сайлау комиссиясының отырысында.