Парижде жаңа локдаун күшіне енуіне бірнеше сағат қалғанда тұрғындар Парижден кете бастаған. Жолдарда жүздеген шақырымға созылған кептелістер пайда болған, дүкендер мен шаштараздар да ұзын-сонар кезек, — деп хабарлайды ADYM.KZ ИноТВ сілтеме жасап.
Мұның алдында Франция президенті Эммануэль Макрон коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсуіне байланысты елде жалпыұлттық карантин енгізген болатын. Шектеулер 30 қазаннан 1 желтоқсанға дейін созылады.