Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) жаңа салмақ дәрежесін — суперкрузерді құратынын мәлімдеді, деп хабарлайды ADYM.KZ baq.kz сайтына сілтеме жасап.
Қарашадан бастап оның WBC шегі 101,6 келіні құрайды, ал ауыр санаттағы шегі 86,2 келіге дейін азаяды. Салмағы 101 келіден асатын боксшылар ауыр салмақта сынға түседі.
WBC федерациясының президенті Маурисио Сулейман ұйым басқармасы түзетулерді қолдап дауыс бергенін мәлімдеді.
WBC шеңберінде жаңа салмақ категорияларын құру бірнеше айдан бері талқыланып жатыр.