300-ден астам қазақстандық IT-компания Astana Hub қатысушысы атанып, салықтық жеңілдіктерге ие болды, деп хабарлады ADYM.KZ baq.kz сайтына сілтеме жасап.
Салық жеңілдіктер тақырыбы — бұл керемет идея. Біз технологиялық стартаптар үшін салық мөлшерлемелерінің төмендегеніне қуандық. Даму үшін зор мүмкіндіктерге ие болдық. Сондай-ақ мұндай шаралар жаңа компаниялар мен жобаларды құруға көмектесті. Біз сапалы бағдарламалық шешімдер мен бағыттарды әзірлеп, мамандардың басым көпшілігі өздеріне жұмыс таба алатын бағыттарды құра алдық.
Салық преференцияларына ие бола отырып, инвестициялау және даму үшін үлкен мүмкіндіктер тиімді пайдалана алдық және дамуымызға да үлесі тиді. Сәтті жобалардың барлығы бірнеше есеге өсуде. Жобалар көп болған сайын, жұмыс орындары да көбейе түседі. Демек, көптеген маман жұмысқа орналаса алады, сәйкесінше, әлеуметтік салықтар көбірек төленеді. Бұл бағдарламаның негізгі мәні — осы. Мемлекет стартаптарға салықтардың корпоративтік бөлігіндегі жеңілдіктер арқылы көмектесе отырып, олардан қызметі мен шетелдегі сатылымдары арқылы осы инвестицияларды ел экономикасына табиғи түрде қайтаратын ірі IT-компанияларды өркендетуге тырысады. Бұл қуантарлық жағдай, — дейді VARDIX Group жетекшісі Владимир Баринов.
Astana Hub хабарлағандай, технопарк қатысушысы мәртебесін алу үшін компания іс жүзінде Нұр-Сұлтан қаласында болуы міндетті емес. Құжаттарды электронды формада өткізу жеткілікті, ал компания сәтті тіркелген жағдайда тиісті шартқа қол қою ЭЦҚ арқылы жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, қатысушы мәртебесі компанияларға шетелдік жұмысшылар санын квотасыз тартуға, сондай-ақ стандартты 3 жыл орнына 5 жылға дейін жұмыс визасын алуға мүмкіндік береді.
Astana Hub қызметкерлері барлық мүдделі тұлғаға электронды пошта арқылы туындаған барлық мәселе бойынша ауызша және жазбаша кеңес береді.