#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Дәрігерлер бензин ішіп қойған бүлдіршінге көмектесті

Келеңсіз жағдай 12-қазан күні болған.

Келеңсіз жағдай 12-қазан күні болған. Аз уақытқа ата-анасының қарауынсыз қалған бүлдіршін үйдегі құтыда тұрған бензинді тәтті сусын деп ішіп қояды. Соның салдарынан баланың аузы, өңеші мен асқазаны күйіп қалып, қаладағы Т.Орынбаев атындағы гипербариялық оксигенация орталығына жедел жәрдеммен жеткізілген.
Дәрігерлер бүлдіршінге көмек көрсетіп, өмірін сақтап қалды. Қазіргі уақытта оның жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып отыр.
«Бүлдіршін емін жалғастыруда. Лор дәрігер мен реаниматолог кеңес берді. Токсикологтар бақылап, ем-дом жүргізіп жатыр. Ол толықтай сауыққанша орталықта болады», — дейді гипербарикалық оттегілеу орталығының дәрігері Шерзат Октябров.
Бүлдіршін қазір өзі тамақтанып та жатыр. Енді бірнеше күннен кейін үйіне шығарылмақ.

Соңғы жаңалықтар