#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Шымкент: Рысқұлов-Қонаев көшелерінің қиылысындағы жолайрық құрылысы 15 қазанда басталады

Шымкентте алғаш рет қаланың орталығында жолайрық құрылысы басталады.

Шымкентте алғаш рет қаланың орталығында жолайрық құрылысы басталады. Бүгін Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде осылай деді.
Шымкент қаласының бас жоспарына сәйкес, қала көшелерінде көлік кептелістерін болдырмау және жол апаттарының алдын-алу мақсатында қаланың көлік инфрақұрылымын дамыту жоспары бекітілген. Осы жоспарда бірнеше көшені қайта құру, жолайрықтар, жаңадан көшелер салу, бағдаршамдардың жұмысын оңтайландыру іс-шаралары қамтылған болатын.
Солардың бірі – Рысқұлов — Қонаев көшелерінің қиылысындағы көлік жолайрығын салу жұмыстары басталады. Аталған Рысқұлов пен Қонаев көшелері – қаламыздағы көлік қарқындылығы жоғары магистральды көшелердің бірі.
Бүгінде мердігер мекеме анықталған. Құрылыс жұмыстарын биыл 15 қазаннан бастау жоспарлануда.
Бас мердігер – «Bazis Construction» ЖШС
Авторлық қадағалаушы – «Саулет-SKB» ЖШС
Техникалық қадағалаушы – «Акмол Тех Надзор» ЖШС
Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Соңғы жаңалықтар