#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Шымкентте 80 мыңнан астам қарт кісі бар

Шымкент қаласының әкімдігі 1 қазан - Халықаралық қарттар күніне орай қаладағы қарт кісілер мен оларға көрсетіліп жатқан әлеуметтік көмек туралы мәлімет ұсынып отыр.

Шымкент қаласының әкімдігі 1 қазан — Халықаралық қарттар күніне орай қаладағы қарт кісілер мен оларға көрсетіліп жатқан әлеуметтік көмек туралы мәлімет ұсынып отыр.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметінше, Шымкент қаласында бүгінгі таңда 80 783 зейнеткер бар. Олардың ішінде 26-ы Ұлы Отан соғысының ардагерлері, 4 мыңға жуығы тыл еңбеккерлері болса, 10 мыңнан астамы «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлері, яғни, көп балалы аналар болып есепке алынған. Қазыналы қария кісілердің ішінде 100 жастан асқан 13 ата-әжеміз бар.
Бүгінгі таңда мемлекетпен кепілдендірілген төлемдер көлемі жыл сайын көтерілуде және жергілікті бюджет қаржысы есебінен де түрлі әлеуметтік қолдаулар ұйымдастырылып келеді.
Мәселен осы жылы 80 жастан асқан 123 адамға екі айлық есептік көрсеткіш көлемінде, ал 10 мыңнан астам көп балалы аналарға 14 мың теңге көлемінде әлеуметтік көмек төленді. Сонымен қатар, Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай 40 соғыс ардагері мен мүгедектеріне біржолғы 360 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көмек берілді. Ардагерлерді сауықтыру мәселелеріне де ерекше мән беріледі. Осы жылы қаладағы 8438 ардагер санаторлы-курорттық емделуге жолдама алды.

Соңғы жаңалықтар