
Шымкентте аудан аумақтарындағы тұрғын алаптарды абаттандыру, жолдарды жөндеу жұмыстары кестеге сай жүргізілуде, деп хабарлайды Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы. Бүгінде Еңбекші ауданының Жұлдыз аумағында бірқатар тұрғын алаптардағы жолдарға шағал тас төселуде. Атап айтқанда, Қарабастау тұрғын алабының жаңақұрылыс көшелеріне 3000 метр, Жұлдыз тұрғын алабында 800 метр және «Бадам-2» тұрғын алабында 3600 метр жолдарға шағал тас төселді. Биыл Шымкентте топырақ жолдардың барлығына шағал тас төсеу жоспарланған.