Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы аумағында 75 көшеге QR-коды бар тақтайшалар ілу жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, жаңа үлгідегі тақтайшалар Ақжайық, Наурыз, Сәуле, Отырар, Бадам, Забадам, Химфарм, Самал-2, Түркістан шағынаудандары мен аудан орталығында орналасқан көшелерге ілінді. Бұл жұмыстар «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында қолға алынып отыр.
Былтыр QR-код индексі бар тақтайшалар аудан аумағындағы 672 көп қабатты үйге орнатылған болатын.
Сонымен қатар, аудан аумағында орналасқан атауы жоқ көшелерге уақытша нөмір беру жұмыстары атқарылды. QR-код мобильді қосымшаны ақпараттық көмек құралы ретінде пайдаланады. Бұл бірегей қосымша орнатылған нысан жайында кеңінен таныстырып, бірнеше функционалдық қызмет түрін көрсетеді.