#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Шымкентте карантиндік шектеулер 12 қазанға дейін ұзартылады

Шымкенттің бас мемлекеттік санитар дәрігері Әбдіманап Төлебаевтың қала аумағында карантин және шектеу шараларын ұзарту туралы №39 қаулысы жарияланды.

Шымкенттің бас мемлекеттік санитар дәрігері Әбдіманап Төлебаевтың қала аумағында карантин және шектеу шараларын ұзарту туралы №39 қаулысы жарияланды.
Аталған қаулыға сәйкес, Шымкент қаласының аумағында 2020 жылғы 28 қыркүйек күні сағат 00-00-ден бастап 2020 жылғы 12 қазан күні сағат 00-00-ге дейін карантин және шектеу шаралары ұзартылады.
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫНА:
✍Адамдардың көп жиналуына байланысты еске алу, туған күн, мерейтойлар, құдалық, той, беташар сынды кез келген шараның өткізілуіне тыйым салынады.
✍65 жастан асқан адамдардың қала және басқа да қоғамдық орындарда жүруі шектеледі.
✍Қалада жүріп-тұру кезінде бетперде тағу бойынша міндетті талаптар, адамдар арасында 2 метр әлеуметтік қашықтық сақталуы тиіс.
✍Үйлердің аулаларында, саябақтарға, алаңдарға, гүлзарларға, жағалауларға барып серуендеуге 3 адамнан аспайтын топқа және бір отбасы мүшелеріне рұқсат етіледі.
✍Жалпы пайдалану орындарында орналасқан балалардың ойын алаңшаларына баруға 3 адамнан аспайтын топқа ғана рұқсат беріледі.
✍Қоғамдық орындарға, адамдар көп жиналатын объектілерге барғанда, соның ішінде қоғамдық көліктерге кірген кезде бетперделерді тағу және қоғамдық орындарға барғаннан кейін антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптар қатаң сақталады.

Соңғы жаңалықтар