#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түркістан облысында бір күнде 4000-ға жуық азамат тұмауға қарсы екпе қабылдады

Биыл тұмауға қарсы екпе егу жұмыстары жылдағыдан ерте, яғни 15-қыркүйектен басталды.

Биыл тұмауға қарсы екпе егу жұмыстары жылдағыдан ерте, яғни 15-қыркүйектен басталды. Бір күнде Түркістан облысы бойынша 4000-ға жуық азамат вакцина қабылдаған. Өңірдегі медициналық ұйымдар сапалы әрі тиісті зертханалық сынақтан өткен вакцинамен қамтылғанын көрсету үшін Түркістан қалалық орталық емханасының басшылығы мен қызметкерлері екпені өздеріне бірінші болып салдырды. Облыс орталығындағы емханада биыл 11500 адамға екпе салу жоспарлануда.
«Жылда күз келгенде ЖРВИ мен тұмаудың өршитіні мәлім. Бірақ, биыл халықты вакцинациялау аса қажет. Өйткені коронавирус инфекциясы тұмаудың мезгілдік кезеңімен қабаттасып, эпидемиологиялық жағдайды асқындыруы мүмкін», – дейді Түркістан қалалық орталық емханасы бас дәрігерінің орынбасары Серік Әбдіқұлов.
Екпе егу жұмыстарының алғашқы күнінде емханада 400-ге жуық адамға тұмауға қарсы вакцина салынды. Олардың 166-сы медицина қызметкерлері.
Вакцина созылмалы аурулары бар 18 жасқа дейінгі балаларға, медицина қызметкерлеріне, жүкті әйелдер мен балалар үйлері және мектеп-интернаттарының тәрбиеленушілеріне, мүгедектер мен созылмалы ауруы бар адамдарға, 60 жастан асқан қарияларға тегін салынады. Тұмауға қарсы жоспарлы екпе егу жұмыстары қараша айына дейін жалғасады.

Соңғы жаңалықтар