#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түркістан: Жетісай ауданында имандар 47 балаға планшет пен смартфон үлестірді

Түркістан облысы Жетісай ауданында «Мектепке жол» атты ерекше республикалық акциясы бастау алды.

Түркістан облысы Жетісай ауданында «Мектепке жол» атты ерекше республикалық акциясы бастау алды. Игі іс аясында аудандағы аз қамтылған және көпбалалы отбасыдан шыққан, сондай-ақ ата-ана қамқорынсыз қалған 34 бүлдіршінге планшеттер мен 13 жоғары сынып оқушыларына смартфондар тегін үлестірілді.
Қайырымдылық шарасына аудандық «Нұғман» мешітінің молда-имамдары мен жамағаты демеушілік жасап отыр. Ауданда бұл шара аясында аз қамтамасыз етілген отбасы балаларына қолдау көрсетуді игі дәстүрге айналдыру көзделген. Қайырымды жандар жыл сайын бүлдіршіндерге мектепке қажетті заттарды табыстайтын болады.
«Біз бұл шараны жылда дәстүрлі түрде өткіземіз. Биылғы жылы карантиндік жағдайға байланысты оқушылардың қашықтан онлайн түрде сабақ оқитынын ескеріп, осындай жолдармен көмектесуді шештік. Бүлдіршіндеріміздің көңілдерін жадыратқан осы бір сауапты іске атсалысып, демеушілік жасаған барша азаматтарға шынайы алғысымды білдіремін», – деді ауданның бас имамы Бекзат Сыздықов.

Соңғы жаңалықтар