#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Қазақстан Президенті жазушы Мархабат Байғұтты құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық Алаш сыйлығының лауреаты Мархабат Байғұтты 75 жылдығымен құттықтады.

Президенттің құттықтауын Түркістан облысы әкімнің орынбасары Сәкен Қалқаманов Түркістанда өткен «Түркілер төрі Түркістан» онлайн конференциясында оқып берді.

«Құрметті Мархабат Байғұтұлы!

Сіз қазақ әдебиетінің дамуы  мен өркендеуі үшін аянбай қызмет етіп келе жатқан қазақтың қабырғалы жазушыларының бірісіз. Сіздің қаламгерлік қарымыңыз бен қайталанбас шығармаларыңыз қазақ халқының ұлттық мінезі мен болмысын, әлеуметтік жан тебіренісін дәл бейнелеуімен  ерекше. «Дауыстың түсі», «Серт пен сенім» сияқты прозалық жинақтарыңызды, әлем әдебиетінен жасаған сәтті аудармаларыңызды көпшілік жылы қабылдағанын білемін.

75 жасқа толған мерейлі мерекеңізбен  сізді шын жүректен құттықтаймын! Ұлттың руханияты үшін талмай еңбектеніп, әлі де талай өлмес туынды жазарыңызға сенемін. Отбасыңызға амандық, деніңізге саулық тілеймін» делінген Мемлекет басшысының құттықтауында.

Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының қолдауымен, Қазақстан Журналистер одағы және Жазушылар одағының Түркістан облыстық филиалдарының бірлесе ұйымдастыруымен өтіп жатқан шараға еліміздің түкпір-түкпірінен 300-ден астам адам онлайн жүйесі арқылы қатысты.

Түркістан өңіріндегі тарихи маңызы бар қасиетті жерлерді насихаттаудағы әдеби шығармалардың рөлі, мүмкіндіктері мен әлеуетін жан-жақты талқылау, қастерлі құндылықтарымызды көпшілік аудиторияға әдеби, тарихи және публицистикалық тұрғыда жеткізудің тың жолдарын қарастыру тақырыбында өтіп жатқан конференция аясында биыл 75 жылдық мерейтойы аталып өтіп жатқан жазушы, «Алаш» сыйлығының иегері Мархабат Байғұттың «Түркілер төрі Түркістан» кітабының таныстырылымы өтті. Елімізге белгілі ғалымдар, қаламгерлер, Сенат, Мәжіліс, Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары, облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, аудан, қала әкімдері, сондай-ақ, Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан елдерінің жазушылары, әдебиеттанушылары қатысып, сөз сөйлеген конференцияда Түркістанның тарихына, оның  мән-маңызына қатысты құнды пікірлер айтылды.

Соңғы жаңалықтар