Ағымдағы жылдың жеті айында Шымкент қаласының Полиция департаменті жедел басқару орталығының қызметкерлері нөлдік төзімділік қағидасы және әкімшілік құқықбұзушылық бойынша 26 507 жайтты анықтаған.
Олар қоғамдық орында қоқыс қалдығын тастау – 502, қоғамдық орында мас халде жүргендер — 640, қоғамдық орында қайыршылық жасау – 706, жол ережесін бұзғандар -19 972, басқа да әкімшілік құқықбұзушылықтар бойынша 4687 іс тіркеген.
Сондай-ақ, сыртқы бейнебақылау камераларының көмегімен полицейлер қылмыс белгілері бар 138 қылмыстың бетін ашқан. Оның ішінде тонау – 3, бұзақылық – 15, автокөлікті заңсыз иелену – 6, ұрлық – 73, өзге де 41 қылмыстың ізі суытпай ашқан.
Ал, бір тәулік ішінде сыртқы бейнекамералар арқылы 125 әкімшілік құқық бұзушылық анықтаған. Тіркелген тәртіп бұзушылық негізінде әкімшілік хаттамалар толтырылып, құқық бұзушының мекенжайына жолданған.