#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Карантин талаптарын бұзып, қыз ұзату тойын жасаған екі бірдей тұрғын анықталды

Елімізде індет өршіп, карантин талаптарының күшеюіне байланысты рейд жұмыстарының жүгізіліп жатқаны белгілі.

Елімізде індет өршіп, карантин талаптарының күшеюіне байланысты рейд жұмыстарының жүгізіліп жатқаны белгілі. Осыған орай, Түркістан облысы Полиция департаментінің жеке құрамы күшейтілген режимде қызмет жасауларын жалғастыруда. Яғни күндізгі және түнгі рейдтік жұмыстарды жүргізіп, адам көп жиналатын басқосулар, той-жиындар, іс-шараларды өткізуге тыйым салып, қауіпсіздік шараларын қадағалауда.

Десек те облыс тұрғындары тарапынан әлі де болса бас қосып, той жасау жайттары орын алуда. Мәселен, Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері кезекті рейд барысында үйінің ауласында туыстарының басын қауіп-қатерге тігіп, қыз ұзату жиынын жасаған тұрғынды анықтады.

Бұл жайтты полицейлер өздерінің күндізгі рейдтеріне кірісіп, үйлерді аралау барысында анықтаған. Дәл осындай жайт Кентау қаласында да орын алды. Жергілікті тұрғын Кентау қаласындағы мейрамханалардың бірінде қыз ұзату тойын жасағаны анықталды. Тәртіп сақшылары осы екі жайтқа қатысты карантин талаптарын бұзған тұрғындарға ҚР ӘҚБтК-нің 425–бабы «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу» бойынша хаттама толтырды.

Түркістан облысы полицейлері тұрғындарға карантин кезінде заң талаптарына сәйкес әрекет етіп, адамның көп шоғырлануына жол бермеуге шақырады. Бұл өзіңіздің де, өзгелердің де денсаулығы үшін дұрыс болмақ.

Соңғы жаңалықтар