#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Шымкент: Магистральды көшелердің орташа жөндеу жұмыстарымен қатар веложолақтар салынуда

Шымкентте бір-екі ай көлемінде тұрғындарға –велосипедтер пайдалануға беріледі. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов әлеуметтік парақшасында айтып өтті.

Шымкентте бір-екі ай көлемінде тұрғындарға –велосипедтер пайдалануға беріледі. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов әлеуметтік парақшасында айтып өтті, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

– Шымкентте 2019-2020 жылдары қаланың үлкен магистралды көшелерінде орташа жөндеу жұмыстарымен қатар веложолақтар салынуда. Қазіргі таңда, SHYMKENT BIKE әлеуметтік-инновациялық жоба шеңберінде жүз алпыс велосипедтен құрайтын 40 велостанция пайдалануға әзір тұр. Велосипедтерді әкімдік балансына алып, бүгінде тиісті шараларды жүргізіп жатырмыз. Алдағы 1,5-2 айдың көлемінде велосипедтер тұрғындар үшін пайдалануға беріледі, – деді М.Исахов.

Мақсұт Исаховтың айтуынша, веловипед пайдаланушылар үшін қолжетімді және ыңғайлы тарифтік жоспарлар да әзірленген. BIKE SHARING жүйесі арқылы велосипедті алғашқы 30 минут тегін пайдаланып, одан кейін тарифке сәйкес 1 сағат үшін -100 теңге, 2 сағат үшін – 250 теңге, үш сағат үшін – 500 теңге, ал үш сағаттан асса 1 000 теңгеден жұмсалады. Жалпы абоненттік төлем картасының құны: 1 айлық абонемент – 2 500 теңге, 3 айлық абонемент – 6 000, 1 жылдық абонемент – 10 000 теңге тұрады.

Соңғы жаңалықтар