Шымкент қаласының Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс кестесін өзгертті. Бұл туралы шешімді Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері қабылдады.
Енді ХҚО азаматтарды дүйсенбі-жұма аралығында сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін қабылдайды, — дейді «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі.
Санитарлық-эпидемиологиялық режимді сақтау мақсатында ХҚО-ға кезек уақытын белгілеу үшін еgov.kz порталын, eGovKzBot2.0 телеграм-ботын пайдалануға немесе 1414 байланыс орталығына қоңырау шалуға болады.
Осыған байланысты мемлекеттік қызметтерді алу үшін кезекті сағат 17.30-ға дейін брондау қажет.
ХҚО-ға барған кезде қашықтықты сақтауды сұраймыз және медициналық маскалардың болуы талап етіледі.
Жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма, сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліссіз. Сенбі — демалыс күні.