#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Шымкент қаласының кіре берістеріне 17 бекет қойылды

Шымкент қаласының Полиция департаменті «Құрбан айт» мерекесі күндері құқық тәртібін қамтамасыз ету бойынша шаралар күшейтілді.

Шымкент қаласының Полиция департаменті «Құрбан айт» мерекесі күндері құқық тәртібін қамтамасыз ету бойынша шаралар күшейтілді, деп хабарлайды Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі.

2020 жылдың 31 шілде және 2 тамыз аралығында Шымкент қаласының кіре берістерінде он жеті бекет қойылып, бақылау күшейтілді. Қауіпті дерттің таралу қауіпі әлі де бар. Сондықтан коронавирустық инфекциясының таралуына ықпал ететін жағдайларды болдырмау мақсатында бірқатар іс-шаралар атқарылуда. Карантин талаптарына сай қала аумағында мал сатуға және оны союға тыйым салынған. Құрбандық шалу тек онлайн тәртіпте жүзеге асырылады.

Аталған он жеті бекеттерде полиция қызметкерлері мал тасымалдайтын көліктерді тексеріп, мал тиеген алпыс бес жүк көлігін анықтап, кері қайтарды. Мұндай шаралардың барлығы халықтың қауіпсіздігіне байланысты жүзеге асырлып отыр. Естеріңізге сала кетейік, Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №29 Қаулысына сәйкес 2020 жылдың отыз бірінші шілде және екінші тамыз аралығында бірқатар шектеулер енгізілген. Бұл шектеулердің барлығы коронавирустың таралуына жол бермес үшін жасалып отыр.

 

Соңғы жаңалықтар