#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Мақтааралда жеке кәсіпкер ауруханаға 2 оттегі концентраторын алып берді

Еліміздегі карантин жағдайына байланысты Мақтаарал ауданының кәсіпкерлері белсенділік танытып, ел үшін көптеген игі істерді атқаруда.

Еліміздегі карантин жағдайына байланысты Мақтаарал ауданының кәсіпкерлері белсенділік танытып, ел үшін көптеген игі істерді атқаруда. Бүгін жергілікті кәсіпкер, “Астана Строй-Проект” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Аташов Данияр Серікбайұлы аудандық «Мырзакент» ауруханасына 2 оттегі концентраторын сыйға тартты.

Оңтүстік Кореядан жеткізілген аппараттардың әрбірінің құны 700 мың теңгеден асады. Қазіргі таңда бұл медицинаға арналған аппараттар — пневмонияға шалдыққан науқастарды емдеуде таптырмайтын құрал саналады.

Аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков пен аудандық «Мырзакент» ауруханасының бас дәрігері Берік Есімханов аппараттарды ауруханаға жеткізіп берген кәсіпкердің ұлына алғыстарын білдіріп, осындай қиын кезеңде халқына сүйеніш бола білген азамат нағыз «бүгінгі күннің батыры» екенін атап өтті.

“Қазір ауруханамызға пневмония диагнозымен түсіп жатқан науқастар көп. Ауру асқынған жағдайда адамның өкпесіндегі тыныс алу жолдарын зақымдайды. Науқасқа оттегі жетіспей қиналады. Міне, осындай жағдайда оттегі концентраторының маңызы зор» – деді «Мырзакент» ауруханасының бас дәрігері Берік Нағашбекұлы.

Айта кетейік, кәсіпкер Данияр Аташов бұған дейін де «Мырзакент» ауруханасына жедел балаларға медициналық қызмет көрсетуге арналған 2 оттегі концентраторын алып берген болатын.

Соңғы жаңалықтар