Шымкент қаласында коронавирус туралы нақты ақпарат тарататын арнайы сайт ашылды. Мұнда қала тұрғындары КВИ бойынша жедел статистикамен таныса алады. Бұл туралы денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Т.Варзилов ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте айтып өтті.
Сайтта COVID-19, пневмония және ЖРВИ — мен ауыратын науқастар саны, тәулік ішінде ауруханаға түскен және емделіп шыққан науқастар саны туралы ақпарат жарияланады.
«Тұрғындар COVID-19 бырыңғай ақпараттық порталына кіріп ауруханаларда және провизорлық орталықтардағы реанимациялық төсек-орындардың науқаспен қамтылу деңгейін көре алады. Интернет ресурста ақпараттар күн сайын жаңартылып отыратын болады. Сонымен қатар онда дәрігерлердің қатысуымен бейне-брифингтер өтіп, аурудың алдын алу, оның белгілері және сақтану ережелері туралы мағлұмат береді. Сондай-ақ сайтқа кіре отырып, медициналық мекемелер мен провизорлық орталықтардың мекен-жайлары мен телефондары туралы ақпаратты табуға болады»,-деді Т.Варзилов.
Сайтқа кіру сілтемесі : http://www.covid19shymkent.kz.