Үстіміздегі жылдың 23 наурызынан бастап Өзбекстан Республикасы коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында карантин жариялаған. Осыған байланысты көрші мемлекет азаматтары 3 айдан астам уақыттан бері еліне уақтылы өте алмай, еліміздің аумағында бірнеше күн қалып түнеуге мәжбүр болуда. Бірнеше күннен бері еліне өте алмай тұрған көрші мемлекет азаматтары бүгінгі күні елдеріне өткізілді.
Осы аралықта Сарыағаш ауданы әкімдігі тарапынан «Жібек жолы» кеден бекеті маңында күніне үш реттен санитарлық тазалық және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында заласыздандыру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келді.
Сонымен қатар 10 шілде күні аталған аумақта жаппай санитарлық- тазалық және залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп, қазіргі уақытта қалыпты жағдайға келтірілді.
Шекара маңындағы жағдай аудан әкімінің тікелей бақылауында, күнделікті құзырлы мекеме қызметкерлерімен бірлесіп тиісті жұмыстар атқарылуда.
Аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен еліне өте алмай тұрған азаматтарға еріктілер және демеушілер тарапынан бір реттік ыстық тамақ, басқада қажетті заттар беріліп, тиісті көмектер көрсетіліп келеді.
Жас балалары бар және жүкті әйелдер сол маңдағы қонақ үйлерге орналастырылып, барлық қажетті жағдайлар жасалынды. Қазіргі таңға дейін Өзбекстан Республикасының 47 489, Тәжікстан Республикасының 1554 азаматтары өз елдеріне өткізілген.