Абай ауданы аумағында абаттандырылып жатқан аулалардың құрылыс жұмыстарын жан-жақты таныстыру бойынша арнайы БАҚ өкілдеріне арнап пресс-тур өткізілді. Сапар барысында аудан әкімінің міндетін атқарушы Е.Занкоев атқарылып жатқан жұмыстар мен жоспарларды баяндады.
Аудан аумағындағы жалпы 258 ауланың, қазіргі таңда 107 ауласы Абай ауданы әкімі аппараты тарапынан абаттандырылуда, сонымен қатар, спорт алаңшалары орнатылуда. Оның ішінде «Жұмыспен қамтудың жол картасы» шеңберінде республикалық бюджет трансферті есебінен, аулаларды абаттандыру бойынша 1 780 819 мың тг. бөлінген. Бұл ретте Абай ауданы бойынша жалпы 66 аула абаттандырылады (мердігер мекемелер – «Ынтымақ бес арыс» — 22 аула, және Бюлд Строй» ЖШС – 44 аула).
Одан бөлек, жергілікті бюджеттен қарастырылған нысандарға тоқталсақ, 41 ауланы қайта жаңартып, балалар ойын алаңшасын орнату жұмыстарына 637 млн. 441 мың теңге қаржы қаралған, ол жұмыстар маусым айында басталды. Оның құрылысы шілде айының соңында аяқталып, пайдалануға беру жоспарлануда (мердігер мекеме «Андас груп» ЖШС — 17 аула, «Әлем энерго строй» ЖШС — 16 аула, «Қайназар» ЖШС — 8 аула).
Сонымен қатар, аудан аумағындағы 8 елдімекенге ашық спорт алаңшасы орнатылуда, жоба құны — 131 млн. 525 мың теңге. Жұмыстар маусым айында басталған. Құрылысы шілде айының соңында аяқталмақ (мердігер мекеме – «Әлем энерго строй» ЖШС — 6 спорт алаңша және «Айком» ЖШС — 2 спорт алаңша).
Жалпы, аудандағы 50 ашық спорт алаңшаның 24-нің жөндеу жұмыстарына 114 млн. 478 мың теңге қаржы бөлініп, бүгінгі күнде оның құрылысы аяқталып, қабылдау жұмыстары жүргізілуде (мердігер мекеме – «Айком» ЖШС).