#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Композитор Кеңес Дүйсекеев дүниеден озды

Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, композитор Кеңес Дүйсекеев дүниеден озды.

Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, композитор Кеңес Дүйсекеев дүниеден озды.

1946 жылы 10 ақпанда Қызылорда облысында дүниеге келген. «Гүлдер» ансамблінің бас дирижері, музыка жетекшісі, «Қазақконцерт» бірлестігінің көркемдік жетекшісі, Қазақ телевизиясы музыка редакциясының бас редакторы болды.

Тыңдарман жүрегінен өшпес орын алған 200-ден астам әннің авторы. «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері.

Бүгін сағат 21:35-те «Abai tv» телеарнасы Кеңес Дүйсекеевтің қатысуымен түсірілген «Келбет» бағдарламасын ұсынады.

Марқұмның отбасы мен туған-туыстарының қайғысына ортақтасып көңіл айтамыз. отбасы мен туған-туыстарының қайғысына ортақтасып көңіл айтамыз.

Соңғы жаңалықтар