#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түркістан облысында ауыл тұрғынынан 130 түп марихуана тәркіленді

«Қарасора-2020» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Төлеби аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторларымен бірлесе отырып, құрамында есірткі заты бар өсімдіктердің кезекті егістігін жойды.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, жергілікті тұрғынның үйінің ауласын тінту кезінде полиция қызметкерлері, өзіне тән хош иісі бар 130 түп есірткі тауып, тәркіледі. Айғақты заттарды тәртіп сақшылары сараптамаға жіберді.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 300-бабы «Құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру» бойынша СДТТБТ-да тіркелді. Күдікті қамауда. Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар