Мегаполистегі халық санының, сәйкесінше автокөліктің көбеюі сапалы жолдарды қажет етеді. Шымкент қаласының жоспарлы жол жөндеу жұмыстары аяқталып, іске қосыла бастады.
Атап айтқанда:
— Б.Момышұлы көшесінен А-2 автомобиль жолына Республика даңғылының орташа жөндеу жұмыстары;
— «Хоргос-Алматы-Шымкент-Өзбекстан Республикасының шекарасы» А-2 автомобиль жолы — Шымкент қаласының айналма жолының реконструкциялау жұмыстары;
— Қайнар бұлақ тұрғын алабындағы Төлейбай Құрасбек көшесі, Бозарық шағынауданындағы №22 көше, «Самал-1» шағынауданындағы Шілменбет көшелерінің орта жөндеу жұмыстары;
— «Тассай» шағын ауданы Тауке хан көшесі — Жібек жолы көшесінен Кіші айналма жолына дейін және Жібек жолы, Төреқұлов көшелерінің қайта құру жұмыстыры аяқталды.
Ал Шымкент қаласының Бас жоспарына сәйкес Қонаев көшесінің Дамбовая көшесінен А-2 жолына дейін көлік байланыстырумен ұзындығы – 100 метр, ені – 32 метр «Бадам өзені арқылы өтетін көпір» де пайдалануға берілді.