#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Баспаналы болуда жаңа бағдарлама іске қосылды

Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 1 шілдеден бастап жас отбасыларға 6%-тік ипотека беретін жаңа бағдарламаны іске қосты.

Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 1 шілдеден бастап жас отбасыларға 6%-тік ипотека беретін жаңа бағдарламаны іске қосты.

Жаңа бағдарлама бойынша жас отбасыларға арзан ипотекамен баспана сатып алуға мүмкіндік беріледі. Алғашқы екі жылда жылдық несие мөлшерлемесі 6%-ке тең, одан кейін ол 5%-ке дейін төмендейді.

✔️ Ипотека 6 жылдан 9 жылға дейін беріледі.

✔️Бағдарламаға қатысу үшін ерлі-зайыптылардың біреуі немесе екеуі Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде «Жас отбасы» депозитін ашып, бір жыл ішінде болашақта сатып алатын пәтер бағасының 50%-ін жинап, бағалау көрсеткішінің 5-ші деңгейіне жетуі керек.

✔️Депозитті ашар кезде, ерлі-зайыптының некеге тұрған мерзімі 3 жылдан аспауы тиіс.

✔️Ақша жинау кезінде депозитке жылдық 2% көлемінде банк сыйақысы мен 20% мөлшерінде жыл сайынғы мемлекет сыйақысы (200 АЕК-тен аспайтын сомаға есептелінеді) түседі.

✔️Ерлі-зайыптылар әркім өз атына жеке-жеке депозит ашып, кейін шоттарды «Отбасылық пакетке» біріктіріп, мемлекеттен екі еселенген сыйақы ала алады.

✔️«Жас отбасы» бағдарламасының тағы бір артықшылығы – ерлі-зайыптының жасы мен отбасындағы балалар санына шектеу жоқ.

✔️Бағдарлама шартына сәйкес, жас отбасы пәтерді жаңа және қолданыстағы тұрғын үйлерден сатып ала алады. Не болмаса, жер телімін алып, үй салуына болады.

✔️ТҮҚЖБ ақпараты бойынша, «Жас отбасы» бағдарламасы республиканың барлық аймағында тұрақты түрде жүзеге асырылады.

📍 КЕҢЕС АЛУ, ДЕПОЗИТ АШУ ТЕГІН, ТОЛЫҚ АҚПАРАТ:

8 702-797-61-03

8 775-416-27-91

Соңғы жаңалықтар