БҰҰ құрылымдарында жұмыс істеу үшін 7 қазақстандық ерікті болып барады. Бұл туралы ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева халық алдында берген есептік кездесуінде айтты.
Министр волонтерлік жұмысқа үлес қосқан азаматтар халықаралық сыйлықпен марапатталатынын айтты.
Қазақстанның дамуына үлес қосып, әлеуметтік мәселелердің шешілуіне септігін тигізген адамдар «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына ие болады. Әрине, жыл ішінде волонтерлікті дамытуға арналған барлық бастаманы жүзеге асыру мүмкін емес. Алайда ол жүйелік дамудың шешуші кезеңі болып табылады, — деді ол.