#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түлектер сақтық шараларын сақтап тест тапсыруда

Төлеби ауданында тестілеу 24-30 маусым аралығында Ленгір қаласындағы №7 IT лицейдің ғимаратында өтуде.

Төлеби ауданында тестілеу 24-30 маусым аралығында Ленгір қаласындағы №7 IT лицейдің ғимаратында өтуде.

Биыл аудандағы 53 мектептен 963 талапкер тест тапсыруға өтініш білдірген. Күнделікті ҰБТ-ға 137-147 оқушы қатысуда.

Індетке байланысты тестілеу барысында барынша сақтық шаралары сақталуда. Түлектердің дене қызулары өлшеніп, бетперде мен медициналық қолғаппен кіргізіліп, аудиториядағы арақашықтығы сақталған орынға отырады.

Осы күнге дейін 3 оқушы сынаққа келмеген, 1 талапкер денсаулығына байланысты тестті жалғастыра алмаған. Бұдан өзге, тыйым салынған заттармен ұсталған 5 оқушы аудиториядан шығарылған.

Айта кетейік, алғашқы өткізілген сынақ нәтижесі бойынша аудандағы ең жоғарғы балл 123-ке жетіп отыр.
Тестілеуге кірген талапкерлерге 11 жыл бойы алған білімдерін кеңінен қолданып, сәттілік серік болсын дейміз.

 

Соңғы жаңалықтар