Ленгір қаласында жүзеге асырылып жатқан игi істер күн санап артып келеді. Солардың бірі — қала тұрғындары мен қонақтарының демалыстары үшін бой көтеріп жатқан аллея. Демалыс орны Әйтеке би көшесінің бойында салынуда. Айта кетері, аллеяда Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай ұлы ақынның ескерткіші орнатылатын болады. Бүгінде құрылыс орнында жарықтандыру бағаналары орнатылып, тегістеу жұмыстары жүргізілуде.Жаңа саябақ тұрғындардың тынығуына, дене шынықтырып, серуендеуіне қолайлы болмақ. Сонымен қатар, саябақта спортпен шұғылдануға арналған құрылғылар, балаларға арналған ойын алаңшалары салынады. Құрылыс жұмыстары толықтай аяқталған соң, кіреберіс жерінде арка орнатылып, саябақты көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі.