#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түркістан: Б. Саттарханов даңғылының төрт жолақты жолы 6 жолақтыға айналды

Б. Саттарханов даңғылының төрт жолақты жолы "Қаракөз" мазаратына дейін 6 жолақтыға айналды.Сонымен қатар, даңғыл бойынша салынып жатқан Керуен сарай кешеніне кіреберіс аумақ бойында айналма жол салынуда. ⠀

Б. Саттарханов даңғылының төрт жолақты жолы «Қаракөз» мазаратына дейін 6 жолақтыға айналды. Сонымен қатар, даңғыл бойынша салынып жатқан Керуен сарай кешеніне кіреберіс аумақ бойында айналма жол салынуда.

Одан өзге, Шәуілдір бағытынан Батыс Еуропа-Батыс Қытай аумақтары да төрт жолақты жолға айналды. Сонымен қатар, Жібек жолы, Жангелдин көшелерінде де жолды кеңейтіп, жолақтарын көбейту жұмыстары жүруде. Нәтижесінде, қала ішіне кірмей, тікелей республикалық жолмен өтуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, күн сайын көлік саны көбейіп жатқан шаһардағы кептелістің туындамауына сеп болады.

Сонымен қатар, болашақта 2025 жылға дейін Батыс Еуропа-Батыс Қытай тасжолы қала аумағында қалып, қаланың екі шетінен Шығыс және Батыс айналма жолдары салынады.

Ал, әкімшілік-іскерлік орталықта салынатын барлық жолдар алты жолақты болып салынады. Және де қоғамдық көліктер үшін «Bus lane» белгісі сызылуда.

Жалпы, бүгінде рухани-мәдени аумаққа айналма жол арқылы кіру үшін Батырбеков көшесі құрылысы жүруде.

Жалпы қаламызда 875 көшенің 52-сі жарықтандыру жүйесімен қамтылған. Олардың барлығында ескі жарық бағаналары орналасқан болатын. Орташа жөндеу жұмысы барысында 25,12 шақырым жарық жүйесі заманауи үлгідегі жарық үнемдеуші диодты жарық шамдарына ауыстырылады. Мердігер мекемелер демонтаждалған бағаналарды түзету, сырлау жұмыстарын жүргізуде. Қазіргі таңда С.Қожанов көшесінің жарты шақырымына және Тоққожаев көшесіне бағаналар орнатылып үлгерген.

Түркістан қаласы бойынша 27 бағдаршам нысаны орналасқан. Барлығы дерлік ескі жобадағы құрылғылар болатын. Олардың 15-і орташа жөндеу жұмыстары барысында жаңа заман талабына сай бағдаршамдарға ауыстырылды. Одан бөлек 5 жаңа бағдаршам орнатылса, тағы 5 құрылғыны орнату мақсатында мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде қала бойынша бағдаршамдар саны 37-ге өсіп, барлығы орталықтан басқарылатын автоматтандырылған жүйемен жұмыс жасайтын болады.

Бүгінде құрылысы толық аяқталған жолдарға жолақтар түсіп, аяқжолдар мен өткел сызықтары салынуда. Тоғыз жолдың торабы, еліміздің оңтүстігіндегі алтын қақпасына айналған Түркістан қаласы осылайша түрлене бермек.

Соңғы жаңалықтар