#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Шымкент: Медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

21 маусым - медицина қызметкерлері күні. Бұл дата биыл коронавирус індетімен жаппай күрестің қызған шағына келіп тұр. Вирус таралуының алдын алуда дәрігерлердің еңбегі орасан.

21 маусым — медицина қызметкерлері күні. Бұл дата биыл коронавирус індетімен жаппай күрестің қызған шағына келіп тұр. Вирус таралуының алдын алуда дәрігерлердің еңбегі орасан.

Осыған орай Шымкент қаласында да медицина қызметкерлері күні атап өтілді. Қалалық әкімдік пен денсаулық сақтау басқармасының жетекшілері ұйымдастырып, ақ халатты абзал жандардың еңбегін еледі, төл мерекелерімен құттықтады.

Мегаполистегі медициналық ұйымдар мен ауруханалар, перзентханалардың жетекшілері күнделікті еңбек етіп жүрген медицина қызметкерлерін құттықтап, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Нұрсәт шағынауданындағы перинаталдық орталықтың жетекшілері де осындағы акушер-дәрігер, неонатолог, медбике секілді мамандарға жылы лебіздерін білдіріп, сый-сияпаттарын табыстады.

Дәрігерлер де өздерін мерекемен құттықтаған басшыларға алғыс білдірді.

— Бізді төл мерекемізбен құттықтаған қалалық денсаулық сақтау басқармасы мен қалалық әкімдіктің өкілдеріне рақмет айтамыз. Еңбегіміздің еленгені жұмысымызға шабыт береді. Ал әріптестеріме қызметте сәттілік тілеп, елдің алғысын алып жүре беріңіздер дегім келеді, — деді перинаталдық орталықтың бөлім меңгерушісі Нұрбибі Мықтыбекқызы.

Құттықтаулар қаламыздағы барлық медициналық ұйымдарда өтті.

Соңғы жаңалықтар