#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түркістан: Жаңа аллея бой көтеруде

Қазыбек би көшесі бойында тұрғындар үшін жаңа аллея бой көтеруде.

Қазыбек би көшесі бойында тұрғындар үшін жаңа аллея бой көтеруде. Аумақта 2019 жылы канал мен саябақ салынған болатын. Қазіргі таңда, балалар ойын алаңшасы, футбол, теннис корттарымен толыққан.

Ал, көше бойынан кіреберіс сквер соғу осы жылға жоспарланып, нәтижесінде мамыр айынан құрылысы басталып, бір апта ішінде аяқталады деп күтілуде.

Мұнда жаяу жүргіншілер үшін жолдар, көгал және орындықтар орнатылады. Сондай-ақ, кіреберіс аркасы болады. Аталған аумақ халқы үшін кешқұрым уақытта серуен құрып, балалардың уақытын спорттық шараларға жұмсауына сеп болмақ.

Облыс әкімі Өмірзақ Естайұлы кесенеге барар жолда орналасқан Қашқари гүл бағын көгалдандыру мен абаттандыру жұмыстарын көрді. Саябақ санының артуы шаһардың экологиялық ахуалын және эстетикалық бейнесін жақсартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, өңір басшысы бұрынғы әкімдік ғимаратында жүріп жатқан құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Есім хан алаңында орналасқан ғимарат енді заманауи қонақ үйге айналады. Өңірде туризм саласын дамыту мақсатында жарты жылда қолжетімді де әлемдік стандарттарға сай жаңа қонақ үй кешені ашылады.

Сонымен қатар, облыс әкімі темір жол вокзалы алдындағы аллеяның күрделі жөндеу жұмыстарының барысын тексерді. Мұнда аяқжол төсеу, жарық көздерін және орындықтар мен қоқыс жәшігін орнату, кіші архитектуралық пішіндер қою жоспарлануда. Сондай-ақ, су ұңғымасы қазылып, декоративті ағаш көшеттері отырғызылады. Алдағы уақытта темір жол вокзалының ішкі жүйесі де заманауи талапқа сәйкестендірілмек. Қалаға келген туристер үшін ақпарат алу бекеті сынды жүйелерді қою көзделген. Күрделі жөндеуден өткен аллея Наурыз мерекесі қарсаңында пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар