#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Министрлер оқшауланды

Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров коронавирусты анықтауға тест тапсырды.

Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров коронавирусты анықтауға тест тапсырды. Бұл туралы ADYM.KZ  Tengrinews.kz. сайтына сілтеме жасап хабарлайды

«Нәтижесі теріс болып шықты. Алайда коронавирус инфекциясының диагностикасы және емдеу хаттамасына сәйкес, Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы белгілі бір уақыт бойы қайта тест тапсыру керек. Ал әзірге қауіпсіздік сақтап, оқшауланды», — деп мәлімдеді баспасөз хатшысы.

Оның айтуынша, министр жұмысын бейнебайланыс арқылы жалғастырып жатыр. Сапархан Омаров Жамбыл облысына жұмыс сапары кезінде денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановпен байланыс жасаған.

Еске салайық, 14 маусымда денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус жұқтырғанын мәлімдеді. Симптомдары болғандықтан ол инфекциялық госпитальде жатыр.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов пен Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев коронавирусты анықтауға тест тапсырды.

Ал Мәскеуде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған іс-шараларға қатысуға байланысты қорғаныс ведомствосының басшысы генерел-лейтенант Нұрлан Ермекбаев 2020 жылдың 11 маусымынан бастап өзін-өзі оқшаулау режиміне көшті.

Соңғы жаңалықтар