Шымкент қаласында соңғы тәулікте коронавирус инфекциясының 25 жағдайы тіркелді. COVID-19-бен ауырғандардың барлығы инфекцияға симптомы бар науқастар.
Сондай-ақ қала бойынша 2020 жылғы 15 маусымдағы жағдай бойынша жалпы статистикаға қосылмаған коронавирус індетінің белгілері жоқ 57 тасымалдаушы тіркелген.
Елімізде коронавируспен ауырғандар саны 15 мыңнан асты. Өткен тәулікте тағы 383 адамнан коронавирус анықталған. Осылайша, Қазақстанда COVID-19-бен ауырғандар саны 15 192-ге жетті
Өкінішке қарай, 15 маусымда тағы төрт адамның COVID-19-дан қайтыс болғаны хабарланды. Өлім жағдайлары Алматы қаласымен Ақтөбе, Павлодар облыстарында тіркелген.
Қазіргі таңда елімізде қауіпті індеттен қайтыс болғандардың саны 81-ге жеткен. Сондай-ақ, өткен тәулікте коронавирустан 200 адам емделіп шыққан. Жалпы ел бойынша аурудан айыққандардың саны — 9388.