#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Шымкентте кинологиялық құрылымдардың сертификаттық сынағы өтті

Қазақстан Республикасы ІІМ төтенше жағдай комитетінің нұсқауына сәйкес биылғы сынақтар жаңа форматта өткізілді.

Шымкентте кинологиялық құрылымдардың сертификаттық сынағы өтті. Қазақстан Республикасы ІІМ төтенше жағдай комитетінің нұсқауына сәйкес биылғы сынақтар жаңа форматта өткізілді.

Алдымен әр жедел-құтқару жасағы өз бетінше кинологиялық иттерін сынақтан өткізеді. Жұмысты бағалау үшін комиссия құрылып, оның құрамында Шымкент қаласы ТЖ департаментінің және өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің тәжірибелі мамандары енді.

Биылғы сынаққа екі кинологиялық топтың ламбрадор тұқымды Жасмин, Берта, Рой лапақ атты 3 иті қатысты. Төрт аяқты жануарлар сертификаттау сынақтарының жасақ аумағында тыңдаулар, ептілік көрсету және үйінділер астынан шартты түрде зардап шеккендерді іздеу сияқты үш кезеңінен өтті. Алғашқы кезеңдер бұрынғы шифер зауытының аумағында және соңғы кезең табиғи ортада іздеу үшін Бадам өзенінде өтті. Нәтижесінде жедел-құтқару жасағының барлық қызметтік иті тапсырмаларды сәтті орындап, шеберліктерін және үйренген кәсіби дағдыларын көрсетті.

Алдағы уақытта бұл кинологиялық бөлімдер төтенше жағдай аймақтарынан адамдарды нақты жағдайларда құтқару операцияларына қатыса алады.

Соңғы жаңалықтар